Ойлау мен сөйлеудің байланысы

Ойлаудың психологиялық зерттеулері дамуының бүкіл тарихи жолында ойлау мен сөйлеудің арақатынас проблемасына ерекше мән берілді. Олардың ұсынған шешімдері әртүрлі болды — ойлау мен сөйлеуді бір-бірінен толық бөліп, бір-біріне тәуелсіз қарастырудан оларды біріктіруге, абсолютгік бірдейлікке дейін әртүрлі көзқарастар орын алды.

Қазіргі көптеген ғылымда келісушілік көзқарасты ұстанады, бірақ ойлау мен сөйлеу бір-бірімен бөлінбейтін байланыста болғанмен, олар өзінің генезисі бойынша, сонымен қатар атқаратын қызметі жағынан дамығандықтан түрінде тәуелсіз болып табылады.

Осы мәселеге қатысты қазіргі ғалымдардың талқылап жатқан басты мәселесі -ойлау мен сөйлеудің арасындағы байланыстың сипаты туралы, олардың генетикалық тамырлары және өзгерістері туралы, өздерінің даму үрдісінде өзгерістерге ұшырап отырады.

Бұл проблеманы шешуге елеулі үлес қосқан Л.С. Выготский болды. "Сөз, - деп жазды ол, - ойлауға қатысты болумен қатар, сөйлеуге де қатысты. Сөз — бұл жеке заттарға, дара аты ретінде жапсырылған нәрсе емес: ол әруақытта да жалпы аталатын зат немесе құбылысты сипаттайды, демек, ойлау актісі ретінде қызмет атқарады.

Сонымен қатар сөз — бұл да қатынас құралы, сондықтан да ол сөйлеудің құрамына кіреді".

Ойлау мен сөйлеудің әртүрлі генетикалық тамырлары бар. Алғашқы кезде олар әртүрлі қызметті атқарды және бөлек дамыды. Сөйлеудің бастапқы қызметі коммуникативтік қызмет болды, ал сөйлеудің өзі қатынас құралы ретінде адамдардың бірлескен еңбек үрдісінде іс-әрекеті болу және реттеу қажетгілігіне байланысты пайда болды.

Сонымен қатар сөздік қарым-қатынаста сөйлеудің беретін мазмұны құбылыстардың белгілі тобына қатысты, сондықтан жалпылама бейнелеуді, яғни, ойлауды қажет етеді. Бірақ, қарым-қатынастың көрсету ишарасы сияқты тәсілі өз табиғатында ешқандай жинақтауды біддірмейді, сондықтан да ойлауға жатпайды.

Сонымен қатар сойлеумен байланыссыз ойлаудың түрлері бар, мәселен, көрнекілі-әрекеттік (ойлаудың бүл түрі жануарларда болады). Кішкентай балаларда және жоғары сатыдағы жануарларда ойлаумен байланыссыз озіндік ерекшелігі бар қатынас құралдары байқалады. Тірі жәндіктің ішкі жағдайын бейнелейтін, бірақ белгі немесе жалпылау болмайтын бұл айқын аңғарылатын қозғалыстар, ишара, мимика.

Ойлау мен сөйлеудің филогенезінде интеллектінің дамуында сөйлеуге дейінгі кезеңі анық байқалады.

Л.С.Выготскийдің айтуынша, бала шамамен 2 жаста, сол сияқты Ж.Пиаженің ойынша да бұл кзенде ойлау мен сөйлеудің қатынасында қиын да түбірлі өзгеріс кезеңі басталады: сөйлеу — интеллектуалдық, ал ойлау — сөздік болады деген.

Бұл екі функцияның дамуында түбірлі өзгерістердің басталу белгілері болып табылатын баланың өзіндік сөздік қорының тез және белсенді кеңеюі болып табылады (Бұл қалай? дейтін сұрақтар үлкендерге жиі қойылады) және сондай тез қарқынмен коммуникативтік сөздігі көбейеді.

Әрбір интеллектуалдық міндеттерді шеше отырып, бала ауызша ойлай бастайды, ол енді сөйлеуді ойлаудың құралы ретінде пайдаланады. Практикалық тұрғыдан бала үшін сөздің мағынасы түсінікті болады. Бұл деректер тек қана ұғымдарды меңгерудің және ойлау мен сөйлеудің үрдісінде оларды қолданудың белгілері болып табылады.

Одан әрі бұл үрдіс, тереңцей отырып, біршама ұзақ мерзімге дейін, жеткіншек жасқа дейін жалғаса түседі. Ғылыми ұғымдарды баланың дұрыс меңгеруі кеш іске асады. Бұл кезенді Ж. Пиаже формалдық операциялардың дәуіріне жатқызған болатын, демек, ол жеткіншек жастағы кезең 11—12-ден 14—15-ке дейінгі кезенді қамтиды.

Ұғымдық ойлаудың дамуының бүкіл кезеңі адамның өмірінде шамамен 10 жылдай уақытты алады екен. Адам ойлауы сөйлеумен бөлінбейтін байланысты. Ойдың тілден тыс, сөйлеуден тыс пайда болуы, әмір сүруі мүмкін емес. Біз сөзбен ойлаймыз, оларды дауыстап немесе іштей сөйлейміз, ойлау сөйлеу түрінде іске асады.

Тіл — бұл сөздік белгілердің жүйесі, адамдардың бір-бірімен қатынас құралы. Сөйлеу — адамдардың қатынас жасау мақсатында тілді пайдалану үрдісі.

Ойлау тәсілдері

Белгілі бір зат туралы, белгілі бір объект туралы біз әруақытга ойлаймыз, оларды қабылдаймыз немесе елестетеміз, немесе ол туралы түсінігіміз болады. Затсыз ойлау болуы мүмкін емес.

Ойлау үрдісі ерекше ойлау тәсілдер түрлері арқылы іскс асады, олардың негізгілеріне салыстыру, талдау және жинақтау, абстракция, нақтылау және жалпылау жатады.

Салыстыру — бұл жекелеген заттар мен құбылыстардың арасында ұқсастық немесе айырмашылықты, тендікті немесе теңсіздікті, бірдейлік немесе қарама-қарсылықты табуда байқалатын ойлау тәсілі болып табылады.

К.Д. Ушинский ойлау және тану үрдістерінде салыстырудың ерекше мәнін атап көрсетті: "... салыстыру — кез-келген түсінудің және ойлаудың негізі. Дүниедегінің борін біз салыстыру арқылы білеміз".

Алғашқы рет заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы тікелей түйсіктерде және қабылдауларда бейнеленеді.

Салыстыру ойлау тәсілі ретінде сол жағдайда іске асады, егер қабылданатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылай түсу қажет болғанда немесе тікелей түйсіктерімізде және қабылдауларымызда бейнеленбейтін ұқсастық пен айырмашылықты анықтауға болатын кезде.

Салыстыру елестетін немесе ойлайтын заттарды салыстырғанда іске асады.

Мысалы, өзіміз тұрған үйді көшенің басқа бетіндегі үйлермен салыстыра отырып, олардың арасыңдағы ұқсастық пен айырмашылығын табамыз.

Психологияны оқытуда да бір психикалық құбылыстарды басқаларымен салыстыра отырып, олардың арасындағы ұқсастықты және айырмашылықты анықтауға болады. Жекелеген адамдарды салыстыра отырып, біз олардың қабілеттіліктермен мінезіндеіі айырмашылықтар немесе ұқсастықтарды табамыз. Шындықты терең және дәл тану үшін ойлау сапасының мәні зор.

Салыстыру — бұл қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ойша табу.

Талдау — бұл заттар мен құбылыстарды ойша оның бөліктеріне ажырату, ондағы жеке бөліктерді, белгілерді және қасиеттерді бөліп көрсету.

Талдау — бұл затты құрамдас элементтерге, бөліктерге және құрамды белгілерге бөліп қарастыру. Талдау үрдісінде тұтас заттардың оның бөліктеріне, элементтеріне қатынасы анықталады. Мәселен, химик суды сутегіне және оттегіне бөліп қарастырады. Сол сияқты жүргізуші машинаның моторындағы ақауды жою үшін оны алып, бөлшектеп, талдап қарайды, бұл жүргізушінің тарапынан орындалатын әрекет ойлау тәсілін пайдалана отырып іске асады, мотордың ақауын ондағаннан кейін оның қосалқы бөлшектерін орын орнына қойып, жинайды.

Мәселен, психологияны оқытуда әрбір психикалык құбылысты біз тек салыстырып қана қоймаймыз, сонымен қатар талдаймыз.

Оқу үрдісінде ойлаудың аналитикалық қызметі ерекше орын алады. Мысалы, оқытқанда, үйреткенде көп жағдайда сөйлеу талдаудан басталады: сөйлемді сөздерге ажыратып, оны буындарға, буындарды — дыбыстарға бөледі.

Математикалық есептерді шешу талдаудан басталады, алдымен белгілі қағидаларды анықтап, одан кейін белгісіз қағидаларға көшеді.

Жинақтау- бұл жекелеген элементтерді, бөліктерді және белгілерді біртұтас объектіге біріктіру, жинақтау талдауға қарама-қарсы, кері үрдіс. Жинақтау үрдісінде жеке заттар мен құбылыстардың тұтас затгар мен құбылыстарға қатынасы анықталады.

Мәселен, машинаның әрбір бөліктерін құрастырып, тұтас машина жасап шығару ойша жинақтау тәсілі арқылы іске асады. Сол сияқты сағат шебері бұзылған сағатты бөлшектерге ойша бөліп, оңдап болғаннан кейін біртұтас сағатқа біріктіруі ой қызметінің тікелей қатысымен талдау арқылы іске асады. Барлық осы сияқты жағдайлар талдау іс-әрекетте байқалатын ойлау үрдістері арқылы орындалады.

Жинақтау, талдау сияқты, жеке элементтердің тек қана біртұтас ойша бірігуі түрінде іске асуы мүмкін. Мысалы, бізге белгілі шет тілінің сөздерінен мағыналы сөйлем құрастырғаңда немесе белгілі сөздерден тұратын даяр сөйлемді оқығанда жинақтау үрдісі жүзеге асады.

Жинақтау таддау сияқты оқу жұмысының үрдісінде ерекше орын алады. Мысалы, оқуға үйретуде әріптерден буындар, буындардан - сөз, сөздерден - сөйлемдер құрастырылады. Бұл — талдау. Жекелеген әдеби шығармалардың қаһармандарының немесе тарихи қайраткерлердің іс-әрекеттерін, ойларын, сезімдерін, бейнесін суреттеу және талдау жолымен бұл қайраткерлер мен қаһармандарға мінездеме беруге болады.

Талдау және жинақтау арқылы әрбір бөлім тұтас заттың элементінің рөлі мен маңызын, бұл бөлімдер мен элементтердің өзара байланысын ашып, заттың негізгі (монді) және қосымша белгілерін ерекше бөліп көрсетеді.

Талдау мен жинақтау әруақытта да бірлікте іске асады. Біртұтас заттар мен құбылыстар талданылады. Ал жинақтауда талдаудың элементтері қатыстырылады. Талдау мен жинақтаудың байланысы ми бірлігі туралы И.П. Павловтың бас ми қырытысының анализаторлық — синтетикалъгқ қызметі туралы ілімінде жан-жақты қарастырылған.

"Ойлау, - деп жазды И.П. Павлов, — ассоциациядан, жинақтаудан басталады, содан кейін талдау мен жинақтаудың жұмысын біріктіру іске асады".

Адамның бас ми жартышарларының қыртысында іске асатын талдау мен жинақтау өзінің әрекетімен бірінші және екінші сигнал жүйелерін қамтиды.

Шартты рефлекстер әдісін пайдалана отырып, И.П.Павлов мидың үлкен жартыларының қызметі талдау және жинақтау үрдістерінен, көптеген тітіркендіргіштерден тұратындығын, олар жүйке жүйесіне сыртқы ортадан, сонымен қатар организмнің өз ішкі бөліктерінен әсер ететіндігін айтқан.

Абстракция— бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракция — ойлаудың негізгі тәсілдерінің бірі, субъект зерттелу үстіндегі объектінің белгісін айрықша бөліп алып, басқаларын назардан тыс қалдырады.

Соның нәтижесінде абстракция терминін білдіретін ақыл-ой өнімі (түсінік, үлгі, теория, жіктелімдер жөне т.б.) пайда болады. Бастапқыда абстракция ортаның тікелей сезімдік - бейне қасиеттері қабылдау мен әрекет ету үшін бағдар түту түсінігіне айналады да қалғандары жоққа шығарылады.

Таным үрдісінде қажеттілік пайда болады: тек қана затты немесе құбылысты талдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар одан да терең зерттеу үшін бір белгіні, бір қасиетті, бір бөлімді басқаларынан уақытша дерексіздендіре отырып, оны көңілге алмай ерекше бөліп көрсету.

Бөліп көрсеткенде, жай ғана белгілері мен қасиеттері емес, негізгі, маңызды белгілері назарға алынады.

Абстракциялау үрдісінде заттың бөлініп алынған белгісі басқа белгілерден тәуелсіз ойланады және ойлаудың дербес объектісі болып табылады. Мәселен, әртүрлі анық объектілерді бақылауда: ауа, шөлмек, су және т.б., олардың ішіндегі жалпы, ортақ белгі — анықтықтыалып, жалпы сол туралы ойлаймыз.

Жалпылау және нақтылау.Жалпылау — бұл ойлау арқылы бейнеленетін көптеген заттардың ұқсас, мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Мәселен, алмада, алмұртта, апельсинде, алхорыда және т.б. бар ұқсастық белгілер бір "жеміс-жидек" деген ұғым арқылы беріледі, жалпылама ойлау абстракциялық іоәрекетімен тығыз байланысты.

Кейбір заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілері жалпыланады, ол абстракциялау үрдісінде бөлініп көрсетіледі.

Жалпылау да абстракция сияқты сөздер көмегімен іске асады. Кез-келген сөз жалпылық мағынаны білдіреді. Мысалы, мал деген сөзді айта отырып, көптеген жеке белгілерден тұратын ойды білдіреміз.

Абстракциялау мен жалпылаудың ойлау тәсілдері екінші сигнал жүйесінің ерекшеліктерінің негіздеріне сүйенеді.

Нақтылау— бұл жалпыға сәйкес келетін жалпыдан жалқыға ойша көшу.

Нақтылау — бұл ойлау тәсілі, оны іске асыру барысында белгілі абстракциялық — жалпылық ойлауға заттың көрнекілік сипат беруін айтады. Нақтылау деп абстракциядан және жалпылаудан кері заттар мен құбылыстарға көщуді айтады.

Мәселен, ағаш деген сөз жалпылық мағынада қолданылса, нақтылағанда қарағай, қайың, емен, шырша т.б. деп жалқыға ойша көшуге болады.

Оқу үрдісінде де нақтылаудың атқаратын қызметі ерекше. Оқу үрдісінде нақтылау дегеніміз, яғни, мысал келтіру, оқу үрдісінде нақты мәселелер бойынша көрнекі құралдарды, нақты деректерді, ережелерді, зандарды пайдалану. Мәселен, грамматикалық, математикалық ережелерді, қағидаларды, тарихи қүжаттарды оқу үрдісінде пайдалану.


4195575297779415.html
4195617754032449.html
    PR.RU™