ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Жоспар:

  1. Организм функцияларын реттеу түрлері
  2. Жүйке жүйесінің түрлері
  3. Нейрон – жүйке жүйесінің структуралық және функциялық өлшем бірлігі
  4. Рефлекс, рефлекстік доға
  5. Рецепторлар, қасиеттері, атқаратын қызметтері

Жүйке жүйесі жануарлар әлемі эволюциясының ең жоғарғы сатысы болып саналады. Бір жасушалыларда және көп жасушалыларда дененің әртүрлі бөліктері арасындағы байланыс гуморалды жолмен, яғни сұйықтар арқылы жүзеге асады. Реттслудің бұл түрі жоғары сатылы жануарларда да кездеседі.

Гуморалды реттелудің ерекшелігі, гуморалды тітіркендіргіш локалды әсер етпейді, көптеген жүйелер мсн жасушаларға бірден әсер етеді, таңдамалылығы жоқ.

Гуморалды тітіркендіргіштің әсер ету жылдамдығы өте төмен, ол қан немесе басқа ішкі сүйықтықтардың қозғалу жылдамдығына тәуелді. Мысалы, қолқада (аорта) 0,005 м/сек тең.

Гуморалды тітіркендіргіш өте үзақ уақыт әсер етеді, ол организмнен толығымен шығып кетпейінше әсер ете береді. Өзіне аса сезімтал үлпаларға әсер етеді.

Гуморалды реттелумен қатар функцияны жүйкелі реттеу бар.

Жүйкелі реттелу өте тез жүзеге асады, импульс тарау жылдамдығы 0,5-120 м/сек.

Тітіркендіргіш әсері тоқтай салысымен тітіркендіру де жойылады.

Жүйкелі әсер өте локалды.

Бұл екі реттеу жолдары бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен де, жүйкелі реттелу тиімдірек болғандықтан басымдау, гуморалды жүйе өз тарапынан жүйке жүйесіне әсер етіп, оның жүмысын өзгертеді. Мысалы: қан қүрамының өзгеруі жүйке жүйесінің қозғыштығын өзгертсді. Сонымен қатар, жүйке жүйесі гуморалды жүйеге әсер етеді-мысалы: қандағы гормондар саны жүйке әсерімен анықталады.

Жүйке жүйесінсіз организм өмір сүре алмайды. Ол организмді өзін қоршаған ортаға бейімдейді.

Жүйке жүйесі эволюция барысында көптеген өзгерістерге ұшырады, олардың мынандай түрлері болған:

диффузиялы жүйке жүйесі — жүйке жасушалары бүкіл организм денесінде шашырап орналасқан (медузалар, актини);

тізбекті жүйке жүйесі- моллюскалар, құрттар, буынаяқтылар, жүйке жасушалары дененің әртүрлі бөліктерінде шоғырланып орналасқан.

Түтікті жүйке жүйесі - омыртқалылар, адам максималды дамуы. Олар ең күрделі құрлысты. Эволюция жағынан жоғары сатылы организмдерде жүйке жүйесі төмендегідей өзгеріске ұшырайды жасушалар саны артып, олардың миелинді жасушалар % артады жүйке талшықтары тармақтары саны артады. (16-20 млрд. ми қыртысында). Адамның жүйке жүйесі екі бөлікке бөлінеді; орталық және перифериялық (шеткі). Ал орталық жүйке жүйесі ми және жұлынға бөлінеді.

Жүйке жүйесінің атқаратын қызметтері:

  1. Организмді өзін қоршаған ортамен теңдестіріп тұрады, яғни олардың арасындағы байланысты қалыптастыру; организмнің бейімделгіштігін қамтамасыз ету - адаптациялық роль.
  2. Жүйке жүйесі организм ішіндегі барлық жүйелерді бір-бірімен байланыстырып тұрады - интеграциялық роль.
  3. Жүйке жүйесі организмнің барлық функцияларын реттеп тұрады-регуляциялықроль, осы функцияның нәтижесінде нервизм термині пайда болған-организмнің барлық функциясын реттейтін жүйке жүйесі екендігін түсіндіретін ғылыми бағыт.

Павловтың айтуынша "Бұл физиологиялық бағыт жүйке жүйесі функциясының өте аумақты дене бөліктеріне тарауын көрсетеді".

Жүйке жүйесі құрылысы жағынан нейронды принципке, атқаратын қызметі жағынан - рефлексті принципке бағынады.

Жүйке жүйесінің структуралы және функционалды бірлігі - нейрон.

Жүйке жүйесінің функциялық принципі-рефлексті (тойтарыс беру). Бұл термин немесе түсінікті алғашқы рет чех физиологы Прохаска ұсынған. Ал алғашқы рет бұл құбылысқа назар аударған Р.Декарт. Рефлекс - организмнің ішкі немесе сыртқы ортаның өзгерісіне орталық жүйке жүйесі арқылы қайтаратын күрделі жауап реакциясы. Рефлекстік әрекеттің негізі-материалдық негізі - рефлекстік доға. Рефлекстік доға - бір-бірімен тізбекті байланысқан нейрондардың анатомиялық жолы. Ол бірнеше бөлімнен тұрады.

Нейрондардар үш топқа бөлінеді:

1. Афференттік немесе сезімтал.

Ол биполярлы жасушалар. Олар арқылы ОЖЖ сыртқы және ішкі ортадан ақпарат алады.

2.Ендірме немесе аралық. Олардың ең негізгі міндеті афференттік және эфференттік нейрондар арасына байланыс қамтамасыз ету. Бұл нейрондар арқылы қозу жоғары көтеріліп немесе төмен түсе алады және төменгі орталықтарға жеткізіледі. 15 миллиард синапстардың 14 млд. ендірме нейрондарда орналасады.

З.Эфферентті немесе қозғалтқыш. Олардың негізгі қызметі ОЖЖ қозуды жұмыс мүшесіне жеткізу.

Ең қарапайым рефлекстік доға 2 нейроннан тұрады. Олар өте сирек кездеседі.

Рецептор - тітіркендіргіш әсеріне сезімтал арнайы құрылым, аксон ұшында орналасады. Рецепторлардың биологиялық маңызы-сыртқы тітіркендіргіш энергиясын жүйке импульсі энергиясына айналдыру (трансформациялау). Оларда өте қарапайым тітіркендіргіштер анализі және синтезі басталады.

Рецепторлардың бірнеше классификациясы бар.

I. Импульстердің пайда болу орнына, орналасуына қарай.:

а) экстерорецепторлар - сыртқы ортадан қабылдайтын - механорецепторлар,
фоно-, фото-, термо- тағы басқалары.

б) интерорецепторлар — баро-, термо-, осмо-, хеморецепторлар,

в) проприорецепторлар - бұлшық еттер мен сіңірлердің рецепторлары.

II. Тітіркендіргіштердің орналасу ретіне байланысты:

а) контактілі (механо-, термо-, баро-, дәм)

б) дистантты (көру, есту, иіс сезу)

III. Тітіркендіргіштің әсеріне рецептордың бейімделуіне байланысты:

а) адекватты

б) адекватсыз

Ал жалпы табиғатына қарай:

1) механорецепторлар - жаншуді қабылдайтын, қысымды қабылдайтын.

2) хеморецепторлар — химиялық заттар әсерін қабылдайды-тамырлар рецепторы, дәм және иіс.

3) терморецепторлар

4) фонорецепторлар

5) фоторецепторлар

6) ноцицепті (ауырсыну) — ұлпалар бүтіндігінің жойылуына қозады.

Ең қарапайым рецепторлар - бос (еркін) жүйке талшықтары, яғни жалаңаш жүйке ұштары тек ауырсыну рецепторларында болмаса, басқа жерде кездеспейді. Әдетте рецепторлар алуан түрлі арнайы, құрылысты құрылымдар.

Рецепторлар типті тыныштық күйде белгілі бір активті күйде болады- 5-10 тв. Бұл рецепторлардың спонтандық активтілігі деп аталады. Ол рецепторлардағы өтіп жатқан алмасу процестерінің қарқынына байланысты болады және оның деңгейін көрсетеді. Рецепторлар қозғыштығы осы алмасу процессінің нәтижесінде жүзеге асады. Осы электрлік активтілік арқасында жүйке орталықтары тонусы сақталып тұрады.

Рецепторларға тітіркендіргіш әсер еткенде оларда қозу потенциалы пайда болады-85-110 мв. Ол рецепторлық потенциал деп аталады.

Рецепторларға тән қасиеттер:

Рецепторлардың қозу жиілігі әсер еткен тітіркендіргіш күшіне байланысты болады. Тітіркендіргіш қанша күшті болса, рецептор сонша жиі қозады, сондай жоғары жиілікпен импульстерді трансформациялайды. Сонымен, кез-келген рецептор "күштердің салыстырмалық" заңдылығына бағынады.

Әр рецептордың өзіне сай лабилділігі бар. Лабилділігі ең төмен ауырсыну рецептор —20 см/сек, ең жоғары рецептор өзіне 500 м/сек. Демек, өр рецептор өзіне тән қозғыштығы бар структура. Бірақ ол тұрақты емес. Оның қозғыштығы реткулярлы (торлы) формация (құрылым) әсеріне -сай өзгеріп отырады. Рецепторлар қозғыштығының артуы сенсибилизация, төмендеуі - адаптация деп аталады.

Рецепторлар қозғыштығының төмендеуі тітіркендіргіштің ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін (адаптация қасиеті). Мысалы: қолымызды ыстық суға салсақ, алғашқыда ыстық әсері байқалады... қыста жылы жерден далаға шықсақ - басында тоңамыз, сонан соң жойылады. Шулы немесе шылым шегілген бөлмеге адаптация. Адаптация рецепторлар мембранасының гиперполяризациясына сай жүзеге асады. Бұл кезде К+ клеткадан жеңіл шығарылып клетка аралық сүйықтықта жиналады. Жасушаның К+- Nа+насосы нашар дамыған.

Рецепторлардың әртүрлі тітіркендіргіш әсеріне сезімталдығы әртүрлі. Ең жоғарғы сезімталдық өз адекваттық тітіркендіргіші үшін, эволюция барысында рецептордың бейімделіп қалыптасқан тітіркендіргіші. Көз-жарық; көзді ұру- түсті сезім. Импульстер ми қыртысына жеткенде сезім пайда болады. Ол объективтік болмыстың субъективті бе" іесі. Біздің сезіміміз объективті және субъективті.

Адекватты және адекватсыз тітіркендіргішті анықтау идеалистерге, оның ішінде неміс физиологы Мюллерге (1826) "әрбір сезім мүшесіне тән энергия" заңдылығын тұжырымдауға мүмкіндік берді. Ол заңның негізі мынада: егер дыбысы шығып тұрған камертонды теріге қойсақ бір сезім, ал басқа жақындатсақ, екінші бір биіктіктегі дыбыс естіледі, яғни бір тітіркендіргіш әсерінен әртүрлі рецепторларда әртүрлі сезім пайда болды. Екінші жағынан, әртүрлі тітіркендіргіштер (жарық, тоқ, механикалық әсер) бір рецепторға әсер етсе (көздің торлы қабығы) бір ғана сезім тудырады- жарық. Осының нәтижесінде Мюллер мынандай қорытынды жасайды: біз тітіркендіргішті түсіне алмаймыз, оларды бір-бірінен айыра алмаймыз, себебі оның барлығы бір ғана сезім тудырады. Оның айтувшша бір тітіркендіргішті сезбейміз, сол сезім мүшесінің күйін ғана сеземіз. Сондықтан идеалистік көзқарас: бізді қоршаған ортаның сезілмеуінде. Әйтседе, әртүрлі тітіркендіргіштер тудыратын сезімдерді салыстыру мүмкін емес.

Біріншіден, электр тогы жарық сезімін тудыруы үшін, ол 5 млн рет күшті болуы керек жарықтан.

Екіншіден, жарық әсер еткенде анық, образды бейне пайда болады, электр тогы немесе басқа тітіркендіргіш әсер еткенде ол болмайды.

4. Барлық рецепторларға адекваттық қасиет тән. Онда қозу бастамасы өте төмен.
Ең жоғары адекваттық дистантты рецепторлары тән, контактілерде-төмен, ал
интерорецепторларда онан да төмен. Бұл полимодалдылық қасиет.

5. Рецепторлар қозуы белгілі бір латентті кезеңнен кейін пайда болады.
Рецепторларға қозудан кейінгі құбылыс тән. Оны биотоктарды жазып алу арқылы анықтауға болады; тітіркендіргіш енді әсер етпесе де, импульстер рецепторлардан әлі түсе береді. Осының негізінде біздің кино, телевизор көруіміз негізделген, көрсетілетін әдетте үзілісті кадрлар, ал үзіліссіз картина немесе қимыл көреміз. Қозу потенциалы рецептордан жүйке талшығына өтуі үшін оның көлемі 85-110 mv (рецепторлы потенциал) дейін жетуі керек. Оның нерв талшығына өтуі былай жүзеге асады:

Тітіркендіргіш әсерінен рецептор мембранасы деполяризацияланады. Соның нәтижесінде рецептор протоплазмасы мен нерв талшығы және мембрананың беткей қабатында иондар қозғалысы пайда болады, ол клетканың Nа+ иондары өткізгіштігін арттырып, ол мембрана астына қозғала бастайды, мембрана деполяризациясы қозу потенциалының талшыққа өтуіне ықпал жасайды. Жүйке талшығына тән қозу табалдырығы 10-15 , сондықтан 85-100 mv (ҚП) қозу табалдырығынан жоғарғы көлем.


4198030192302140.html
4198075426284059.html
    PR.RU™